Су ресурстары және ирригация министрі Алматы облысына барды

24 Қараша 2023, 10:54
513
Бөлісу:
Су ресурстары және ирригация министрі Алматы облысына барды
PHOTO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

 Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысында бірқатар жобалардың іске асырылу барысымен және маңызды гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, алдымен Ұйғыр ауданындағы жергілікті суару желілерін қалпына келтіру жұмыстарын бақылады.

Министр Алматы облысының бөлінуіне байланысты облыстық әкімдікпен бірлесіп «Қазсушар» РМК «Жетісу» филиалының объектілерін Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының балансына немесе Алматы облысының коммуналдық меншігіне беру туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, «Жетісу» филиалының балансындағы Ұйғыр ауданындағы екі апатты су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды.

Су ресурстары және ирригация министрі Алматы облысына барды

Одан әрі Бартоғай су қоймасының негізгі құрылыстарын – автоматты су жіберу, конустық бекітпелер мен ысырмаларды қарап шықты. Бартоғай су қоймасына 1983 жылы пайдалануға берілгеннен бері толық реконструкция жүргізілмеген. Нұржан Нұржігітов нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды. ЖСҚ әзірлеу кезінде қазіргі уақытта «Қазгипросушар» институты жүргізіп жатқан көп факторлы зерттеу қорытындыларын ескеру қажет екенін атап өтті.

Министр Үлкен Алматы каналының бас ғимаратына барды. Нұржан Нұржігітов магистральдың тозуына байланысты суды автоматты есепке алу жүйесін енгізе отырып, каналды кезең-кезеңімен реконструкциялауға кірісуді тапсырды. Одан кейін Үлкен Алматы каналының апатты учаскелерін реконструкциялау жоспарымен танысты.

Су ресурстары және ирригация министрі Алматы облысына барды

Нысан Алматы облысы мен Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Сондықтан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін қажетті құжаттарды алуды жеделдету және іс жүзінде оларды орындауға кірісу қажет,- деді Нұржан Нұржігітов.

Жұмыс сапары аясында министр Нұра топтық су құбырының «Алатау» филиалы нысандарының қызметімен танысты. Тиімді басқаруға қол жеткізу үшін «Алатау» филиалының топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдардың балансына беру туралы шешім қабылданды.

Су ресурстары және ирригация министрі Алматы облысына барды

Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарының соңында «Қазсушар» РМК Д.Қонаев атындағы «Үлкен Алматы каналы» филиалының әкімшілік басқармасына барды. Филиал ұжымымен кеңес өткізіп, жаңадан құрылған Су және ирригация министрлігінің міндеттері мен негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы