Су ресурстары мәселелеріне арналған фотокөрме ашылды

17 Наурыз 2023, 14:19
840
Бөлісу:
Су ресурстары мәселелеріне арналған фотокөрме ашылды
Фото: Maqsut Narikbayev University

Елордада Нидерланды Корольдігі мен Тәжікстан Республикасының елшіліктері ұйымдастырған «Water=Life» көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 13 наурызында Maqsut Narikbayev University-де Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Су конференциясы қарсаңында Нидерланды мен Тәжікстан елшіліктерінің өкілдіктері климаттың өзгеруі туралы ақпараттандыру мақсатында су мәселесіне арналған көрме ұйымдастырды.

Су ресурстары мәселелеріне арналған фотокөрме ашылды

Теңіз деңгейінің көтерілуі, Орталық Азияның көптеген бөліктеріне қауіп төндіретін құрғақшылық және ауа-райының қолайсыздығы жиілеп барады. Осы міндеттерді шешу үшін барлығымызға бірлік пен ынтымақтастық қажет. Біз бірге адамдар мен экожүйелердің жаңа шындыққа бейімделу және климаттың өзгеруіне төзімділік қабілетін арттыра аламыз. Біз судың тапшы ресурс екенін түсінуіміз керек, – деді Нидерланды Корольдігінің елшісі Андре Карстенс.

Орталық Азия аймағы да БҰҰ Су конференциясына дайындыққа  белсенді қатысып жатыр.

Біздің елдеріміз жаһандық және халықаралық кездесулер аясында түрлі сессиялар, іс-шаралар, көрмелер ұйымдастырды. Бұл шаралардың нәтижесінде Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының шешімімен бекітілген БҰҰ Су конференциясына бірлескен мәлімдеме әзірленді, - деді Тәжікстан Республикасының елшісі Хайрулло Ибодзода.

Су ресурстары мәселелеріне арналған фотокөрме ашылды

Өз кезегінде университеттің Басқарма Төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова бұл бастамаға себепкерлерінің бірі болғанын ерекше мақтан тұтатынын білдірді.

Су адам денсаулығы, экономикалық даму және экологиялық тұрақтылық үшін өте маңызды. Оның жетіспеушілігі немесе ластануы бәрімізге ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, Университет SDSN мүшесі ретінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының дамуын қолдайды, - деді А.Кәрібозова.

Су ресурстары мәселелеріне арналған фотокөрме ашылды

«Water=Life» көрмесінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген фотосуретшілердің 19 үздік туындысын көруге болады, бұл жер шарындағы біздің экологиялық ізіміз туралы ойландырып, су мәселелерін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Оның ішінде Тәжікстаннан келген 11 әдемі туындымен толықтырылып, фотосуреттер су ресурстарының ауқымын, керемет сұлулығы көрсетеді. Біз оларды таза және болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз сақтау міндеттіміз.

Су ресурстары мәселелеріне арналған фотокөрме ашылды

Көрменің ашылуына Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Испания елшілері және Украина істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл қатысты. Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Мемлекеттік қызмет академиясының өкілдері, Италия, Португалия, Франция елшіліктерінің дипломаттары және сарапшылар қатысты.

Су ресурстары мәселелеріне арналған фотокөрме ашылды
Өзгелердің жаңалығы