Су басқан өңірлерде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қоры жеткілікті

14 Сәуір 2024, 17:18
338
Бөлісу:
Су басқан өңірлерде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қоры жеткілікті
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 66 медициналық пункт жұмыс істейді, медициналық персонал мен психологтардың кезекшілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Эвакуациялық пункттерде 5300-ге жуық бала бар, оның ішінде 71 бала стационарлық көмек алады, 87 бала амбулаториялық ем алады. Медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 1 116-дан астам медицина қызметкері, оның ішінде 278 дәрігер, 838 мейіргер, сондай-ақ 79 психолог тартылды, - деді ҚР ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева ОКҚ алаңында.

Спикер санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мақсатыңда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде халық пайдаланатын ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізілетінін атап өтті. Бүгінгі күні инфекциялық аурулардың су арқылы таралу қаупі төмен.

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмысын жалғастыруда. Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды.

Бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10 күннен 14 күнге дейін болады, бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді, - деді ДСМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы