Су басқан аймақтарда журналистер неліктен бара алмайды

22 Сәуір 2024, 18:20
302
Бөлісу:
Су басқан аймақтарда журналистер неліктен бара алмайды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлерде журналистердің жұмысын шектеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Аида Балаева су апатынан зардап шеккен аймақтарда журналистердің жұмысын шектеу туралы сұраққа жауап берді.

Мен бұл беделді түсіру деп санамаймын. Өйткені, біз Астанадамыз және олардың қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын, төтенше жағдайлар қызметкерлері қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын білмейміз. Кеше олар бастапқыда эвакуациялаудан бас тартқан адамдарды құтқаруға мәжбүр болды. Сондықтан, әрине, олардың ең алдымен адамдардың, соның ішінде журналистердің қауіпсіздігі туралы айтып отырғанын ескерсек, шектеулер туралы заңнамалық нормалар бар. Сондықтан дәл қазір бұл жағдайды нақты айта алмаймын, өйткені біз Астанада отырамыз. Ол жақта қандай жағдай болып жатыр. Мүмкін, сіз ол жерге бара алмайтын, өте қиын жағдай бар шығар. Сондықтан бәрі реттелген кезде бұл жайды анықтап көрейік,- деді Аида Балаева.

БАҚ өкілі ретінде ол жерге бару біздің міндетіміз емес пе?деп сұрады.

Мен түсінемін. Құтқару жұмыстары кезінде жұмыс істеп жүргеніңізде біреу батып кетсе, зардап шексе, кім жауап береді? Сондықтан заңнамада бар тәртіпке бағынайық. Мен оны цензура деп есептемеймін, адамдардың өміріне деген қамқорлық деп есептеймін. Заңнамадағы ережелерге сүйенейік,- деді министр.

Өзгелердің жаңалығы