Су астында қалған Қарағандының қазіргі күйі қандай?

11 Тамыз 2023, 17:33
948
Бөлісу:
Су астында қалған Қарағандының қазіргі күйі қандай?
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандыда қолайсыз ауа райының салдары жойылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда коммуналдық қызметтер толассыз жауған жаңбыр мен дауылдың салдарын жоюда. Қалада нөсер ағындары тазартылып, бағдаршамдар қалпына келтірілуде.

10 тамызда толассыз жауған жаңбырдан бірнеше аулаларды және үш тұрғын үйдің жертөлелерін су басты.

Су астында қалған Қарағандының қазіргі күйі қандай?

Сондай-ақ екпінді жел Майқұдықтағы мектеп-интернаттың шатырын жартылай жұлып әкетті. Техникалық ақауларға байланысты мыңға жуық абонент жарықсыз қалды.

Қаланың коммуналдық қызметтері ауа райының тосын сыйларына жедел әрекет етті. Карл Маркс көшесінде көлік қозғалысы мүмкіндігінше тез қалпына келтірілді. Коммуналдық жұмысшылар жолдан құлаған шатырдың сынықтарын алып тастады. 1–1,5 сағатта қаланың басым бөлігінде электр қуатын қалпына келтіру мүмкін болды.

Бүгін сағат 11:00-ге дейін қалған үш учаскеде электр жарығы қалпына келтірілді. Бірнеше бағдаршам әлі жанған жоқ, бірақ біз оларды кешке дейін қалпына келтіреміз. Кеше 45 минутта екі айға жуық жауын-шашын жауды. Тамыз айында бізде норма 29 мм, ал ол 54 мм құрады. Бұл Қазгидрометтің мәліметі. Сондай-ақ кей жерлерде қатты жел соқты. Су тасқыны болған қалада сегіз учаске тіркелді. Бұл қаланың бөлігі және Оңтүстік-Шығыс. Алтыға қарай жаңбыр басыла салысымен су деңгейі басылды, су арықтарының жұмысы қалыпқа келді. Екі учаскеде қап төседік, уақытша шара қолдандық. Күні кеше ғана бізге су тасқыны туралы 20-дан астам қоңырау түсті. Барлығы негізінен аулаларда, – дейді қала әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Рүстем Қожақапанов. 

Су астында қалған Қарағандының қазіргі күйі қандай?

Үш көпқабатты үйдің жертөлесі су астында қалды. Оның бірінде, 14-ші шағын ауданда шаруашылық кәріз құбырын су басып кеткен.

Бұл үйдің жүйесі шатырдағы судың тұрмыстық канализацияға түсуіне арналған. Бірақ қатты жауған жаңбырдан ол шыдай алмай, су кері кеткен. Пәтерлердің бірі зақымданған. Бүгінде онда су жоқ, – деп қосты Рүстем Қожақапанов.

Қалаға келтірілген шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрылды. Ол ТЖД шешімін күтіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы