Су асты аңшылығынан чемпионат өтті

15 Тамыз 2022, 14:15
1396
Бөлісу:
Су асты аңшылығынан чемпионат өтті
PHOTO
Фото: автордан

 Ақтауда "Каспии күні" қарсаңында  спорттық су асты аңшылығынан чемпионат өтті.Биыл екінші рет ұйымдастырылған чемпионатқа  11 команда қатысты, деп  хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ  тілшісі. 

Олар Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарының және Нұр-Сұлтан, Орал, Қостанайлық спортшылар.

Судың -асты басқа әлем . Су астына бір түскен адам "ауырып қалады"  осымен. Хобби ретніде айналысатындар көп, спорт ретінде енді-енді қатысып жатыр. Екі апта бұрын ірктеу болды. Сол жеңімпаздар бүгін қатыспы жатыр- дейді Шәміл Темірханұлы Маңғыстау облысы су асты спорты федерациясының мүшесі 

 33 қатысушының арасындағы ең егдесі - 72 жаста, ал ең  жасы- 12 жастағы спортшы.Теңіз түбіне аңшылық құрған спортшылар кефаль балығын аулады. Әр команда он балықтан асырмауы тиіс болды. 

Су асты аңшылығынан чемпионат өтті

Бүгінде осы спортқа қызығушылар қатары артқан. Өйткені біз бастағанда 5-6 адам ғана едік. Міне бүгін 30 адам қатысты. Бұл тек спорт қана емес демалыс. 

Бүгінгі жарысты 7 балық ауладым Александр Шульц -жарысқа қатысушы 

Каспий күні аясында ұймдастырылған шара барысында "Таза Каспий" акциясы да ұйымдастырылды. Акция аясында су аңшылары теңіз түбіне түсіп тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл шара биыл үшінші рет ұйымдастырлды. Алғашқы жылы аңшылар теңіз асытынан 3 тоннадан артық қоқыс шығарса, биыл 300 кг-нан астам қатты қалдық шығарылған. 

Су асты аңшылығынан чемпионат өтті

Каспий-біздің басты байлығымыз. Бірақ неқұрайлы қарайтындар көп. Демалған соң әрқашан қоқысты бірге ала кету керек. Біз тұтынғаннан кейін қалатын қалдың 80 пайызын қайта өңідеуге болады. Ол үшін қаланың бірнеше жерінде қабылдау пункттері бар. Тіпті сол үшін ақы да береді. Сондықтан картон қағаздар, пластиктерді пункттерге тапсыру керек- дейді  эко белсенді Гүлайым Қибас.

Су аңшылары қала  маңындағы жағалаулар таза. Ал қала сыртындағы теңіз жағалаулары тазалықты қажет етеді. 

Өзгелердің жаңалығы