Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнамалар жиі өткізіледі - Түймебаев

16 Сәуір 2021, 11:30
1696
Бөлісу:
Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнамалар жиі өткізіледі - Түймебаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институтының және Парламентаризмді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» тақырыбында халықаралық ғылыми–практикалық онлайн-конференция өтіп жатыр.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің басты қамқорлығы - Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, ал ортақ мақсатымыз – отанымыздың гүлденуі екенін ерекше атап өтті. Бүгін де халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылықтың арқасында экономикамыз өркендеп, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда, - деп айтты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев.

Ректордың сөзінше, Тұңғыш Президент өз Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағдарламалық бағыттарын айқындады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің саясатын жалғастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын белгіледі.

Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен сындарлы әріптестігін нығайту, қоғамдық бақылауды күшейту, бюджет саясатының ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласын үдемелі цифрландыру, - деп түсіндірді ол конференцияда.

Жансейіт Түймебаев университет қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында студенттер арасында «Жемқорлықтан тыс университет», «Жемқорлықтан тыс факультет» сауалнамалары үнемі өткізіліп тұратынын айтты. Сондай-ақ кураторлық сағат аясында университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында тәрбие іс-шаралары ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы