Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

21 Мамыр 2024, 16:27
302
Бөлісу:
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Сырымбет Қаскеев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Сырымбет Ерденұлы Қаскеев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, -делінген хабарламада.

Қаскеев Сырымбет Ерденұлы

Жалпы ақпарат, білімі: Сырымбет Қаскеев 2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша бітірген.

Мансабы: Әр жылдары Халықаралық Валюта Қорының қаржылық бағдарламалау және саясат, фискалдық талдау және болжау бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2014-2016 жылдар аралығында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ талдамалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшысы, директордың орынбасары лауазымдарын атқарды.

2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да стратегия және жоспарлау департаментінің бас менеджері лауазымында жұмыс істеді. 2017-2020 жылдары «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ талдау және зерттеулер департаментінің бас менеджері қызметін атқарды, 2020-2022 жылдары «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жобалық қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаменті жобасының басшысы қызметін атқарды. 2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болып табылады. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы