«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

19 Шілде 2023, 16:47
1401
Бөлісу:
«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?
PHOTO
Фото: Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы

Елімізде «Stop musor» жобасының үшінші кезеңін іске асырылды. Жоба аясында жыл басынан бері бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Stop musor» жобасының мақсаты - халықтың сауаты мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарында тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау мәдениетіне тәрбиелеу.

Бұл әлеуметтік-экологиялық жоба 2020 жылдан бастап іске асырылып келеді. Stop Musor әлеуметтік жобасын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жүзеге асырады.

«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?
«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

«Жер сағаты»

«Жер сағаты» акциясы аясында елорданың көптеген нысаны жарықтарды өшірді. Жер шарындағы «Жер сағаты» атты ең үлкен акция биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін өтті.

Акцияның негізгі мақсаты - адамдардың назарын Жер шары ресурстарын ұқыпты және жауапты тұтынуға аудару. Бұл - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) жаһандық акциясы. Сондай-ақ ол табиғатқа ұқыпты қараудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқорлық жасаудың символы. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа сөндіреді.

«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жылдан жылға танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, биыл үшінші жыл қатарынан еліміздің барлық өңірі акцияға қосылды.

Қоқыспен күрес

Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында 2023 жылғы 27 наурыз бен 27 сәуір аралығында «Стихиялық құрылыстық қоқыс үйінділерімен күрес және/немесе қоқысты өңдеуге қатысты жастар арасындағы үздік бастама» атты байқау өткізді.

«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

Байқаудың мақсаты – стихиялық полигондар мен құрылыс қалдықтарының пайда болуына байланысты жастарды экологиялық саясатты қалыптастыруға тарту, өскелең ұрпақтың инновациялық идеялары арқылы қалыптасқан мәселені шешу.

Құрылыс қалдықтарына ғимараттарды, құрылыстарды, өндірістік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, реконструкциялау, жөндеу (оның ішінде күрделі) немесе салу кезінде пайда болатын қоқыстар жатады.

«Тазалық сақшылары»

Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен StopMusor әлеуметтік жобасы аясында 2023 жылғы 27 мамырда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» РҚБ еріктілерінің қатысуымен Бурабай ауданындағы Шортанды көлінің жағасында сенбілік өткізді.

Қатысушыларды «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы А. С. Соловьева, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі А. А. Мұздыбаев, Kazakhstan Innovations ҚҚ төрағасы М. С. Әбішева қарсы алған болатын.

«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

Сенбілік қорытындысы бойынша 200 келіден астам ҚТҚ жиналды.

Сенбілік азаматтардың назарын экологиялық проблемаларға, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған.

Ұйымдастырушылар бұл жерді азаматтар мен қонақтардың назарын елдегі курорттық аймақтар мен ұлттық саябақтарға келушілердің қоқысты тастап кету мәселелеріне аудару үшін таңдады. Себебі жыл сайын жазда пикниктер ұйымдастыратын, қоқыстарды қалдыратын және сол арқылы табиғатқа жауапсыздық танытатын ұлттық парктерге келушілер саны артып келеді.

«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

«Керек емес заттарға екінші өмір сыйла»

Былтыр 23 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Сәтбаев университетінің алаңында студенттер мен қала тұрғындары үшін «Дармарқа» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның тұжырымдамасы бойынша тұрғындар өз заттарын әкеліп, айырбастап, сол арқылы екінші өмір сыйлай алады.

«Stop musor»: Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

Сонымен бірге дәл осы акция 1-3 наурыз аралығында Ұлытау облыстық орталығында Жезқазған қаласында қала тұрғындарының, азаматтарының қатысуымен «Дармарка» акциясы өтті.

Өзгелердің жаңалығы