Ақмола облысында 41 жастағы ұлы анасының шотынан 800 мың теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz хабарлауынша,11 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасына 67 жастағы жергілікті тұрғынның ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Зейнеткер 2022 жылғы 24 желтоқсаннан 2023 жылғы 4 қаңтарға дейінгі кезеңде оған тиесілі банк шотынан 800 мың-нан астам ақша қаражаты ұрланғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің бұрын ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1982 жылы туған ұлы болып шықты. Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.