Үстемақы алған дәрігерлер алғыс айтты

12 Сәуір 2020, 12:46
1934
Бөлісу:
Үстемақы алған дәрігерлер алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстемақы алған дәрігерлер билік өкілдеріне алғысын айтуда. "Аса қауіпті" санатқа жататын дәрігерлер 850 мың теңге үстемақы алды. 

Бірнеше күннен бері карантинге алынған ақ халаттылар жағдайларының жақсы екенін жеткізді. Еңбектеріне сай төленген қаржыны қайда жарататынын да айтып қалды. Үйлеріне бармағанына 20 күннен асқан. Қалалық әкімшілік қонақ үйден орын беріпті. Арнайы көлікпен қатынайды. Ал үстемелеп берілген жалақы ақ халаттыларға ерекше көмек болды. 

Балалар жұқпалы ауруханасында аса қауіпті бірінші санатта 6 дәрігер қызмет етеді. Қауіптілігі орташа екінші санатта 3 маман. Наурыз айындағы жалақыларына еселеп ақша алған олардың алғысы шексіз.
  
Үстеме қаражат 3 ай қатарынан беріледі. Бұл дәрігерлер үшін үлкен демеу. Қазір олардың жұмысы қиындамаса, жеңілдеген жоқ. Себебі сақтық шараларын қатаң сақтап эпидемияны таратпау үшін олар барын салып жатыр. Үйлеріне қашан қайтатыны да әзірге белгісіз.


Өзгелердің жаңалығы