Үстел теннисінен Азия чемпионаты Катарда өтеді

19 Қыркүйек 2020, 04:33
1344
Бөлісу:
Үстел теннисінен Азия чемпионаты Катарда өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ. 15-17 қыркүйек күндері үстел теннисінен Азия одағының кезектен тыс онлайн-отырысы өтті. Одақ президенті Цай Чжэньхуа басшылығымен өткен ATTU конгресіне Қазақстан үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Онлайн отырыста 2019 жылы 18 қыркүйекте Джогякартада (Индонезия) өткен Конгресс отырысының хаттамасы бекітілді. ATTU-дың қаржылық аудиті туралы есеп қарастырылды. Сондай-ақ, 2021 жылғы Азия чемпионатын Дохада (Катар) өткізу туралы шешім қабылданды.


Өзгелердің жаңалығы