Профессор: Ұстаздарға мотивация берген – Жолдау

2 Қыркүйек 2020, 15:08
3114
Бөлісу:
Профессор: Ұстаздарға мотивация берген – Жолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім қызметкерлерін өз күш-жігерлерін болашақ ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауға шақырды.

Биылғы алғашқы қоңырау ерекше форматта өтіп және қашықтан оқитын оқушыларға сынып сағаттары өткізіліп, түсіндірілу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Президенттің 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға арттыру туралы шешім қабылдағаны мұғалімдер қауымын қатты қуантты. Алдағы уақытта да кезең кезеңімен педагогтар жалақысының өсетіні айтылып, алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінетіні ұстаздар еңбекақысының екі есеге артатыны әр мұғалім, оқытушы үшін үлкен мотивация. Білім сапасына ерекше көңіл бөліп қана қоймай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек қана дамыған мемлекет болатынымыз туралы айтқан ел Президентінің білім саласына, педагогтар мен өсіп келе жатқан жастардың әлеуметтік мәселелерін шешудің жолдарын нақтылап бергені бұл өзекті мәселелерге Президент пен үкімет тарапынан үнемі көңіл бөліп отыратынын көрсетті. Алдағы уақытта дәстүрлі білім алу форматына қайта көшудің тәртібі әзірленетіні, Қазақстанның жаңартылған білім мазмұнына толығымен көшкені үлкен сеніммен айтылды, - деді Еуразия ұлттық университеінің баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Мендігүл Шиндалиева.
Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда кеткен қателіктерді атаған ел Президанті Қ.Тоқаев әлі бір нақты оқыту платформасының жоқтығын, тыңғылықты оқу үдерісін ұйымдасиыруға арналған бірыңғай онлайн білім беру платформасын әзірлеу қажетттігін де күн тәртібіне қоюы өте орынды және өзекті мәселе.
Қазіргі әлемдік жаһандану кезеңінде Мемлекеттік қызмет 25 пайызға қырқартылуы мен үнемделген қаражат сол мемлекеттік қызметкерлер жалақысын көтеруге бақытталуы оң қадам деп есептейміз, - дейді ол.
Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Гүлжауһар Болатова да өз пікірімен бөлісті. 

1 қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс келген  ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған екінші Жолдауында ел дамуының негізгі бағыттары мен экономикалық және әлеуметтік мәселелерді кеңінен қозғағаны көңілімізден шықты. Мемлекет басшысы көтерген көптеген мәселелердің қатарында оқу-білім жайын назардан тыс қалдырмауы әбден орынды деп білеміз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз сөзінде «бәсекеге  қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыратын қағидаттардың» қатарында ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн екендігін алдыңғы кезекте атап өтеді. Бұл жолда өзіміз еңбек етіп жатқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де ректорымыз Е.Б.Сыдықовтың сара басшылығының арқасында орасан зор міндеттерді жүзеге асыруда. Әсіресе, қазіргі әлемді індет жайлаған кезде университетте білім алушылардың заман талабына сай сандық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, терең білім алуымен қатар, Жолдауда айтылғандай, олардың «әділдіктен айнымай, адал, ұқыпты, тиянақты»  болуына аса мән берілуде.  Түрлі онлайн платформаларды ұтымды қолдана  отырып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессор, оқытушыларының ұйымдастыруымен жастардың жан-жақты дамуын көздеген тағлымы мол көптеген шаралардың өтуі бұл сөзімізге дәлел бола алады. Жалпы алғанда алдағы уақытта  алар асуларымызды дұрыс мегзеген  бүгінгі Жолдау осы жолы да халық көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтере алуымен құнды екендігін атап өткіміз келеді, - деді Гүлжауһар Болатова. 

Ал ЕҰУ филология ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Тұрысбек бұл елге қажет бағдарлама екенін айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын 2020 жылдың 1 қыркүйек күні Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жариялады. Президент еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында сөз қозғай келіп, Жолдаудың басым бөлігін  экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арнады.

Президент мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді. Осылайша шенеуніктердің арасында бәсекелестік пайда болады.

«Бұдан былай министрліктерде жауапты хатшы деген болмайды. Оның түкке де керегі жоқ деді», – Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы ретте елге қажет деген бағдарламалар енді басқаша әзірленетін болды. 

Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады. Статистика комитеті енді аталған агенттіктің құрамына кіреді.  Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын, сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізілетінін және шетелдіктерге жердің сатылмайтындығын айтты. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкала енгізілмек, - деді ол.

Мемлекет басшысы Жолдауында осылай деп мәлімдеді. Елімізде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады. Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айынан мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтерілетін болды.
Тағы бір айт кететін мәселе, Президент Үкіметке білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеуді тапсырды. Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін. Пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. Бірақ бұл уақытша құбылыс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Өзгелердің жаңалығы