Startuphana: Қазақтілді технологияны шетелден келіп біреу жасап бермейді – Мусин

10 Желтоқсан 2022, 15:21
2960
Бөлісу:
Startuphana: Қазақтілді технологияны шетелден келіп біреу жасап бермейді – Мусин
Фото: автордан

Қазіргі таңда стартаптар толығымен қазақша қалыптасып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұған дейін стартаптар орысша  өткізілген. Тек кейін қазақ тіліне аударылатын болған. 

Қазіргі таңда стартаптар толығымен қазақша қалыптасып жатыр. Ол дегеніміз біздің қазақ тілінің дамуына және технологияның өз тілімізбен ықпалдасуына әкеледі. Сондықтан бүгінгі іс-шараға қатысушыларды құттықтаймын! Бүгінгі жиын бәріміздің ынтамызды арттырсын, жаңа серпін мен жігер берсін, – деді ведомства басшысы Startuphana digital fest ашылуы кезінде.

Мусиннің сөзінше, қазақ тілін дамыту сізбен біздің қолымызда.

Оны бізге шетелден біреу жазып алып келмейді. Тек өзіміз Қазақстанның ішінде өз аудиториямызды ойлап, оларға цифрлы әлемдегі жаңалықтармен жақындастыру мен бөлісу қолымызда тұр. Осындай іс-шара арқылы қазақ тілін дамытуға үлесімізді қоса берейік, – деді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы