Стамбұлда үй опырылып түсті: Жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

3 Маусым 2024, 15:53
468
Бөлісу:
Стамбұлда үй опырылып түсті: Жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
Фото: автордан

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында Стамбұлда опырылып құлаған үйден зардап шеккендер арасында отандастарымыз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер ведомствоның ресми өкілінен Стамбұлдағы төтенше жағдай салдарынан қазақстандықтар зардап шеккен-шекпегенін сұрады.

Стамбұлда опырылған үйдің салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, 2 маусым күні таңертең Түркияның Стамбұл қаласында үш қабатты тұрғын үй опырылып құлаған болатын. Қазіргі күні оның себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдай салдарынан кемінде жеті адам жараланған.

Өзгелердің жаңалығы