Стамбулдың Эсенлер ауданында метро пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы 2 ақпанда AHaber телеарнасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпаратқа сәйкес, пойыз Эсенлер автобус терминалы маңында белгісіз себептермен рельстен шыққан.
Оқиға салдарынан барлық жолаушылар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта апат орнында төтенше жағдайлар қызметі мен техникалық мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себебі анықталуда.