СҚО полицейлері жыл басынан із-түзсіз жоғалған 417 адамды іздеп тапты

28 Желтоқсан 2021, 20:40
1101
Бөлісу:
СҚО полицейлері жыл басынан із-түзсіз жоғалған 417 адамды іздеп тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері жыл басынан із-түзсіз жоғалған 417 адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Табылды. Дін аман» із-түзсіз жоғалған қала тұрғынына бағдарды жариялағаннан кейін үш сағат өткен соң СҚО полицейлері әлеуметтік желілерге осындай хабарлама жариялады. 

Іздестіру іс-шаралары таңертең басталды, оған криминалдық полиция қызметкерлері, патрульдік полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Әйелдің өз жоспары жайында жақын туыстарын ескертпей, құрбысымен уақыт өткізгені белгілі болды. 

Бұл жиі кездесетін сценарий: адамдар белгілікті бір жағдайлармен, кейде жеке себептерімен жүрген жерлері жайында туыстарына айтпайды. Көп жағдайда із-түзсіз жоғалу фактісі спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлғалардың жоғалуымен байланысты. Әр факті полиция қызметкерлерімен жан-жақты тексеріледі, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. 

Жыл басынан облыс полицейлері із-түзсіз жоғалғандар туралы 419 өтініш қабылдады. 417 із-түзсіз жоғалған тұлға табылды, оның 264-і кезекші тәулікте. Оларды іздестіруде полицейлердің сенімді көмекшілері-волонтерлер жұмылдырылды. 

Еріктілер әлеуметтік желілерге бағдарлар жариялап, іздестіру іс-шараларына қатысты. Полицейлер облыс тұрғындарына туыстарын алаңдатпай, жүрген жерлері жайында хабардар етуді ұмытпауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы