СҚО полицейлері үш күн ішінде 12 мас жүргізушіні анықтады

8 Ақпан 2024, 20:39
347
Бөлісу:
СҚО полицейлері үш күн ішінде 12 мас жүргізушіні анықтады
Фото: polisia.kz

5 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыста “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Күн сайын 400-ден астам полиция қызметкері апаттылыққа және жол көлік оқиғалары зардаптарының ауырлығына тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мас күйінде көлік басқарудың 12 фактісі анықталды. Мысалы, Петропавлдағы Қожаберген жырау тас жолында полицейлер 38 жастағы ресейлік мас күйінде басқарған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. 

Тексеріс барысында жолаушылар орнында отырған 43 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны көлік иесі болып шықты. Ол өзінің досымен бірге алкоголь ішкенін, содан кейін көлік басқаруға рөлді бергенін түсіндірді. Сот шешімімен Қазақстанға қонаққа келген ер адам - мас күйінде көлік басқарғаны, ал петропавлдық — көлік басқаруды мас күйінде тұрған адамға бергені үшін екеуі де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ алдағы 7 жыл ішінде оларға көлік құралдарын басқаруға тыйым салынады. 

Жедел алдын алу іс-шарасының 3 күні ішінде облыс жолдарында 890 жол жүрісі қағидалары бұзушылығы анықталды. Ең жиі кездесетін бұзушылық жылдамдықты шамадан тыс арттыру, осындай 152 факті тіркелді. Өткен жылы жылдамдық режимінің бұзылуынан 16 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 21 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Ал 2024 жылдың қаңтар айында 1 жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам жарақат алды. Бұл бұзушылық Солтүстік Қазақстанның күрделі климаттық жағдайларында ерекше қауіпті. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Естеріңізде болсын: жолдағы қауіпсіздік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртібінен басталады, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Өзгелердің жаңалығы