СҚО-ның емдеу ұйымдары 19 санитарлық көлікпен толықты

31 Қаңтар 2024, 20:10
465
Бөлісу:
СҚО-ның емдеу ұйымдары 19 санитарлық көлікпен толықты
Фото: СҚО әкімдігі

Бұл жайында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстағы медициналық мекемелер үшін 19 санитарлық автокөлік сатып алынды. Оның ішінде, 10 көлік қаладағы емдеу ұйымдарына табыс етілді. Жаңа көліктердің арқасында медициналық қызметтің сапасы жақсарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады.

Көлік паркін жаңарту жұмысы жалғасын табады, - деп жазды өңір басшысы.

Биыл денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 38 медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл дәрігерлік амбулаториялар, ФАП-тар мен медпункттер. Кішкенекөл ауылында жаңа емхана ашылады. Сондай-ақ, көктемде көпсалалы облыстық аурухананың құрылысын қайта жандандыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы