СҚО-дан шыққан арпа Қытайға 18 күнде жетті

31 Қаңтар 2024, 12:31
599
Бөлісу:
СҚО-дан шыққан арпа Қытайға 18 күнде жетті
Фото: people.cn

Қазақстанның арпасын тиеген Қытай-Еуропа пойызы Сиань теміржол контейнер орталығының станциясына жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ people.cn-ге сілтеме жасап.

Жалпы салмағы 1643 тонна арпаның бұл тобы Қазақстандағы жоғары сапалы өндірістік алаңдарда өндіріліп, қатаң іріктеу мен инспекциядан өткен.

Бұл арнаулы пойыз Солтүстік Қазақстаннан жолға шығып, 5 мың шақырымнан астам жол жүріп, Алашанькоу шекарасы арқылы елге кірді. Ол 18 күн дегенде Сианьға жетті, - деп жазды қытайлық БАҚ.

Арпа Сианьға жеткеннен кейін өндіріс кәсіпорындарына таратылады.

Өзгелердің жаңалығы