СҚО-дағы Сергеев су қоймасы 159%-ға толды

14 Сәуір 2024, 11:33
351
Бөлісу:
СҚО-дағы Сергеев су қоймасы 159%-ға толды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бүгін Петропавл қаласына ауыз су берілмек. Еріктілер көп көмек көрсетеді, ауыз су басқа қалалардан әкелініп жатыр. СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте Петропавлда жарық бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, облыстағы жағдай әлі де күрделі болып қалуда.  

Сергеев су қоймасы 159% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 10 см асты. Тәулік ішінде 40 см төмендеді. Әрине, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, ол кезде тіркелген рекордтық көрсеткіш 4 м астам болған, - деді спикер.

Бірнеше күннің ішінде Петропавл қаласында да су азаяды деп күтілуде.

Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1010 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Көшірілген адамдар облыс орталығының 3 орта мектебі мен колледждердің жатақханаларында және де басым бөлігі туыстарында орналастырылды, - деді өңір өкілі.

Өзгелердің жаңалығы