СҚО-дағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толды

13 Сәуір 2024, 18:24
323
Бөлісу:
СҚО-дағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік және әр екі сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинауы 99%. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артуда, сондықтан Ақмола облысының Атбасар елдімекенінде су тасқыны бар.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, су тасқыны жалғасуда. Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1176 см, бір тәулікте ол 138 см-ге көтерілді. Жағдай күрделі. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 79%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 95%-ға толды. Аймақта су тасқыны басталды. Шүлбі су қоймасына  су жіберіліп жатыр. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 73%-ға толы. Ириклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Оған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%, мұнда да су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.

Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік және әр екі сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы