СҚО-да жылқы жетектеген адамды көлік қағып кетті

27 Желтоқсан 2022, 20:19
1366
Бөлісу:
СҚО-да жылқы жетектеген адамды көлік қағып кетті

СҚО-да жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті. 61 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

25 желтоқсан сағат 18 шамасында Жезқазған – Петропавл автожолының 840-шақырымында Николаевка ауылының маңында Chevrolet Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол үстінде шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан 61 жастағы Есіл ауданының тұрғынын қағып кетті. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан шанаға жегілген жылқыны жетектеп бара жатқан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. 

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі мас емес. Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы