СҚО-да жүк пойызы 16 бас ұсақ малды жапырып өтті

7 Қараша 2023, 23:25
695
Бөлісу:
СҚО-да жүк пойызы 16 бас ұсақ малды жапырып өтті
Фото: BAQ.KZ polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті қолданды. Алайда, жүк пойызы ұсақ малды жапырып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелген, оның 1077-сі темір жол төсемінде жануарлардың жүруі себебінен орын алды.

Мәселен, 3 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежегішті қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 16 бас ұсақ малды қағып кетті.

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутқа созылды.

Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазды департаменттен.

Өзгелердің жаңалығы