СҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, 4 адам көз жұмды

30 Сәуір 2022, 02:20
1372
Бөлісу:
СҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, 4 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан 4 адам қаза болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

29 сәуір сағат 03:28-де кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Май ауылында жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша өрт кезінде үйде адамдар болған. ТЖ орнына аудан орталығының №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру қарауылы шығып, дереу өртті сөндіруге кіріскен.

Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт «Майское-Агро» шаруа қожалығының ерікті өртке қарсы құралымы сөндіруге кірісті. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып сыртқа шығарған. Өртті жою барысында үш ер адамның жансыз денесі табылды: 1958 жылы туған үй иесі және үй иесінің 1975 және 1967 жылы туған қонақтары. Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты. Өрт 05.00 шамасында ауыздықталып, 05.40 кезінде толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 4 техника мен 14 адам жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі мен материалдық залал көлемі анықталып жатыр. Көршілердің айтуынша, қайтыс болғандар үнемі алкоголь ішумен әуестенген.

Өзгелердің жаңалығы