СҚО-да тұрғын үй өртеніп, 4 адам қаза болды

29 Сәуір 2022, 15:53
1205
Бөлісу:
СҚО-да тұрғын үй өртеніп, 4 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 03:28-де кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Май ауылында жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. 

Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған.

ТЖ орнына аудан орталығының №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру қарауылы шығып, дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті сөндіру «Майское-Агро» шаруа қожалығының ерікті өртке қарсы құралымымен жүргізілді. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып сыртқа шығарған, - делінген хабарламада.

Өртті жою барысында үш ер адамның жансыз денесі табылды: 1958 жылы туған үй иесі және үй иесінің 1975 және 1967 жылдары туған қонақтары. Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты.

Өрт сағат 5:00  ауыздықталып, сағат 5:40-та толық сөндірілді.

Өртті 4 техника мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан, ЕӨҚҚ мен жергілікті тұрғындардан құралған 14 адам сөндірді. Өрттің салдарынан үй толығымен өртеніп кетті. Оның себебі мен материалдық залал көлемі анықталып жатыр. Көршілердің айтуынша, қайтыс болғандар алкогольді ішумен жиі әуестенген, - делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Ақжар ауданында ТЖ бөлімі және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылыту кезеңінің басынан бастап 3 500 адамды қамтитын 992 тұрғын үйді аралап, 1 мыңнан астам үгіт материалдарын таратқан. Көрсетілген мекенжай бойынша тұрғын үй секторын аралау 2021 жылғы қыркүйекте жүргізілген.

Өрттер мен адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында СҚО ТЖ департаменті Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді: отты абайлап пайдаланыңыз, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз. Ержелерді сақтамау қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін екені есте болсын!

Өзгелердің жаңалығы