Солтүстікте медицина кадрларының тапшылығын азайтуға ерекше көңіл бөледі. Дәрігерлер баспанамен қамтамасыз етілсе, қалада 3 жылға жалға берілетін үйге төлемдер қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында солтүстікте медицина кадрларының тапшылығын азайтуға күш салып жатқандығын мәлімдеді.
Солтүстікте медицина кадрларының тапшылығын азайтуға ерекше көңіл бөледі. Дәрігерлер баспанамен қамтамасыз етілсе, қалада 3 жылға жалға берілетін үйге төлемдер қарастырылған. Резидентураға 50 грант бөлінді, қазір 34 резидент білім алуда. Келген дәрігерлер 5 миллион теңгеге дейін көтермеақы алады. Соның арқасында дәрігерлер тапшылығы 2 есеге қысқарды.
Дегенмен, ауруханаларда әлі де арнайы мамандар жетіспейді. Аймақ басшысының айтуынша, сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы төлеу туралы шешім қабылданған.