СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды

25 Сәуір 2023, 09:00
538
Бөлісу:
СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды

18 сәуір СҚО полиция департаменті ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың ел аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттар болмады.

Тұрғын үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ел аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты, аталған факті 19 сәуірде ПБ ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу әрекеттері, анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы