СҚО-да малшылар слеті өтті

26 Тамыз 2022, 22:01
2568
Бөлісу:
СҚО-да малшылар слеті өтті
PHOTO
Фото: автордан

Қызылжар өңірінде мал өсірушілердің республикалық слеті өтті, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ден астам қатысушы  асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың жұмысымен танысты. Жиында аукцион өткізіліп, жаңа рекорд тіркелді. Салмағы 1 тонна ангус тұқымды бұқа 2 млн 250 мың теңгеге сатылды.

Мал өсірушілер слеті өткен жылы Жамбыл облысында ұйымдастырылған болатын. Игі шара Солтүстік Қазақстанда жалғасын тапты. Слетке қатысушылар облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтарды аралап, заманауи тәжірибемен танысты. 

СҚО-да малшылар слеті өтті

Ежелден ата-бабамыздан мұра болып қалған, ұлттық кәсібіміз Ұлы даланың төсінде төрт түлік малды бағу бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді. Қазақтың кең байтақ жері қашанда мыңғырған малға толы болған. Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп, осы малдың қамымен қарбалас тіршілік кешкен.  Халқымыз төрт түліктің сыр-сипатын, қадір-қасиетін жіті біліп, қашан да ерекше қастерлеген.  Ата-бабамыз түйені – байлық, салтанат, жылқыны – сәндік, мақтан, сиырды – ақтық, қанағат, қойды – қазына, мырзалық деп санаған. Малшылар слетінің негізгі мақсаты – төрт түлікпен шұғылданатын шаруаларға ата кәсіпті жандандырудың жаңаша мәні мен мағынасын сараптау, салаға жаңа заманауи озық технологияларды енгізу, ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру арқылы ірі өңдеу кәсіпорындарын қалыптастырып, осы саланың экспорттық әлеуетін дамыту, - деді  Ербол Қарашөкеев. 

СҚО-да малшылар слеті өтті

Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің басты салаларының бірі.  Ауыл шаруашылығының 42,1% - ға жуығы Ішкі жалпы өнімнің 42 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі. Қазақстанда 10 млн бас ірі қара бар. Оның 1 милионнан астамы асыл тұқымды. Шаруалар 23 млн қой өсіріп отыр. Ал жылқы саны 4 млн-ға жетеді. Мақсат – төрт түліктің санын одан әрі арттыру.

СҚО-да малшылар слеті өтті

Бүгінгі слетқа елдің қамын ойлайтын азаматтар жиналды деп есептеймін. Бүгінде мал шаруашылығы – халықты жұмыспен ең көп қамтитын сала.  Пайдасын ғана ойламай, халықтың жағдайы мен елдің қауіпсіздігін жоғары қоясыздар. Жерің болса, міндетті түрде мал шаруашылығымен айналысу керек. Сіздер осы салада көп жылдар бойы еңбең етіп, еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер. Мемлекет басшысы Елді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін қойды. Биыл облыста ауыл шаруашылығы саласына құйылған инвестициялар көлемі 76 млрд.теңгеден асты. Ол 31 жобаны қамтиды. Мыңнаннан астам адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. 17 сүт-тауар фермасы, үш құс фабрикасы, бір шошқа кешені, 6 элеватор және басқа а нысандар ашылды. Инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шараларынсыз іске асыру мүмкін емес. Біздің облыста пилоттық бағдарлама жұмыс істейді. 4 пайыз жеңілдікпен несие береміз. Бұл тәжірибені республикамыздың басқа да облыстарына таратуға болады. Егер қысқа мерзімді нәтижелер туралы айтатын болсақ, бүгінде өңірде қолданысқа 22 заманауи ферма енгізіледі. Құрылыс жұмыстары 2026 жылға дейін олардың саны 52-ге жетеді. Біз сүт өндіру көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайта міндетін алға қойып отырмыз, - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. 

Осылайша өңірде соңғы 3 жылда сүт өндірісі 26 пайызға өсті. Ал Дәурен Салықов етті тұқымды қара мал өсірумен айналысады. Бүгін ол слетке салмағы 1 тонна тартатын бұқа әкелді. Арнайы қйымдастырылған аукционда қара мал 2 250 000 теңгеге сатылды.

СҚО-да малшылар слеті өтті

Бұған дейін Қазақстанда бұқа осыншалықты бағаға сатылып көрген емес. Жаңа ректорд орнады деуге болады. Шал ақын ауданының топырағында өскен мал. Репродуктордан шықты. Арғы тұқымы Америкадан келген. Енді ол Жамбыл облысына аттанады. Сатып алушылардың мақсаты – асыл тұқымды мал санын көбейту, - дейді «Ангус Қазақстан» республикалық палатасының директоры Дәурен Салықов. 

СҚО-да малшылар слеті өтті

Слетте ауыл шаруашылығы технкасының көрмесі ұйымдастырылды. Кәсіпорындар өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Қазақ халқының ұлттық спорт ойындарынан сайыс ұйымдастырылды. Ал мерекелік концерт шараның ажарын аша түсті. 

Былтыр  мерекелік күнтізбеде «Малшылар күні» енгізілді. Жыл сайын республикалық деңгейде осындай слет өткізіледі. Бүгінгі жиынға барлық облыстардың өкілдері қатысып отыр. Мақсатымыз – қазақ халқының ата кәсібін дамыту. Көпшілікке жаңа технологияларды таныстыру. Солтүстік Қазақстанда мұндай шаруашылықтар баршылық. Бүгінгі шаруаға әрбір қатысушы өзіне пайдалы ақпарат алып, тәжірибе түйді деген ойдамын, - деді АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының м.а Ерлан Ілиясов.

Жиында мал шаруашылығы саласында табысқа кенеліп жүрген шаруалар марапатталды. 12 «Еңбек ардагері» медалі, 22 «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, 24 Құрмет грамотасы мен 16 Алғыс хат өз иелерін тапты. 

Өзгелердің жаңалығы