СҚО-да ірі сүт фермасы ашылды

29 Қазан 2022, 13:44
1845
Бөлісу:
СҚО-да ірі сүт фермасы ашылды
PHOTO

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданында 1,8 мың басқа арналған сүт фермасы ашылды. Жобаның құны 4 жарым миллиард теңгеге бағаланып отыр. Жаңа кәсіпорын Қызылжар өңіріндегі ең ірі нысандардың бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің өңірдегі тілшісі. 

Биыл Қазақстанда 35 сүт фермасын салу жоспарланған. Оның жартысы, яғни 17 нысан Солтүстік Қазақстанда жұмыс істейтін болады. Ғ.Мүсірепов ауданында 2017 жылы 3 сүт фермасы болса, бүгінгі күні олардың саны екі есе артып отыр. 

СҚО-да ірі сүт фермасы ашылды

«Возвышенка СК» меріктестігінің мегафермасы толық қуатына қосылғанда кәсіпорында 60 адам жұмыс істейтін болады. Нарыққа жылына 9 мың тонна сүт шығарады. Солтүстік Қазақстан аққа деген ішкі сұраныстың 25 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бұл көрсеткішті 30 пайызға дейін жеткізуді межелеп отырмыз. Өндіріс орындарындағы жұмыстың бәрі автоматтандырылған. Бұл адамның еңбегін жеңілдетіп қана қоймай, өнімділікті арттыруға септеседі. Бұрынғы фермаларда бір сиыр жылына үш мың литр ақ берсе, қазіргі мөлшер 2,5 есеге дейін көтеріліп отыр. Бүгінгі күні цифрлық технологияларды ұтымды пайдалану маңызды, - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Облыста тағы бірнеше ферманың құрылысы жүріп жатыр. 17 өндіріс орнының 10-ы аудандарда жұмыс істейді. Бұл облыстағы ең ірі әрі республикадағы ең үлкен сүт фермаларының бірі. 

СҚО-да ірі сүт фермасы ашылды

Біз голштин тұқымын өсіреміз. Қараша айында шет елден тағы да сиырлар әкелінеді. Басты ұстанымымыз сапалы өнім шығару болмақ. Фермадағы орташа жалақы 233 мың теңге болмақ. Соңғы бес жылда мемлекеттен 1,6 млрд теңге субсидие алдық. Бұл біз үшін зор қолдау. Онсыз бүгінгі табысқа жету мүмкін емес еді, - дейді сүт вермасының директоры Абдурахим Нукаев.

Өңірде желтоқсан айына дейін тағы 8 ферманың тұсауы кесілмек. Биыл Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 81,9 млрд теңгенің 30-дан астам инвестициялық жобасы жүзеге асырылады.

СҚО-да ірі сүт фермасы ашылды
Өзгелердің жаңалығы