Солтүстік Қазақстанда есірткі сатты деген айыппен 2 баланың анасына сот үкімі шықты. Сотталушының кенжесі небәрі 3 айлық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, алқа билер «Telegram» мессенджері арқылы синтетикалық есірткі сату бойынша мемлекеттік айыптау ұсынған дәлелдемелерді толығымен назарға алған. Айыпталушының жасына және 2 кішкентай баласының болуына қарамастан оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ал 3 жасар ұлы және 3 айлық қызы қамқоршылық органдарына берілді.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.