СҚО-да аюға тамақ беремін деген азамат қолынан айырылды

25 Шілде 2023, 03:25
548
Бөлісу:
СҚО-да аюға тамақ беремін деген азамат қолынан айырылды
Фото: ашық дереккөз

СҚО-да ер адам аюға тамақ беремін деп қолынан айырылды. Оқыс оқиға облыстағы демалыс аймағының біріндегі хайуанаттар бағында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер сол қолын сақтап қала алмапты. Қазір болған жайтқа қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, 43 жастағы хайуанаттар бағының қызметкері тек 1,5 ай бұрын сынақ мерзімі бойынша жұмысқа қабылданыпты.

Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 1569-бабының 52-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге анықталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процесстік шешім қабылданатын болады, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Өзгелердің жаңалығы