СҚО-да 2019 жылы тамыз айында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
3 шілде Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында Налобино ауылының маңындағы орманда жидек жинап жүрген жергілікті тұрғындар адам қаңқасына тап болды. Бірден сараптамалар тағайындалды.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, орманда табылған адам сүйектері Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол 2019 жылғы 31 тамызда белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған. Полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеу шараларын жүргізді, бірақ еш нәтиже болмады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.