СҚО-да 148 ауыл интернетке қосылды

17 Ақпан 2022, 16:26
1273
Бөлісу:
СҚО-да 148 ауыл интернетке қосылды

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң отырысында интернетпен қамтамасыз ету мәселесi талқыланды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2 жыл iшiнде 35 мың солтүстiкқазақстандық тұратын облыста 148 ауыл интернетке қосылды.

Қазiр 635 ауылдың 491-i түрлi технологиялар арқылы интернетке қосылған. Бұл облыстағы барлық елдi мекендердiң 77% құрайды.

250-ден астам тұрғыны бар ауылдарды интернетке қосу мiндетi орындалды. Ендi 250-ден аз тұрғыны бар 69 ауылды мобильдi интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда, жұмыс басталып кеттi.

Өзгелердің жаңалығы