СҚО бойынша ҚАЖД бастығына қатысты тергеу басталды

24 Ақпан 2023, 11:51
859
Бөлісу:
СҚО бойынша ҚАЖД бастығына қатысты тергеу басталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С.Биляловқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті биыл қаңтарда келіп түскен 2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы өтінішке байланысты СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С.Биляловқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, - делінген хабарламада.

ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді. Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, Берік Билялов 2022 жылдың 17 қарашасында СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұған дейін ол 2014-2019 жылдар аралығында облыстың полиция департаментін басқарған болатын. Кейіннен Ақмола облысы полиция департаментіне басшылық етті.

Өзгелердің жаңалығы