СҚО әкімі су тасқынының алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

29 Наурыз 2023, 20:06
797
Бөлісу:
СҚО әкімі су тасқынының алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде әкімдік отырысы өтіп, су тасқыны кезеңінің өтуі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыс, әсіресе облыс орталығында әлсіз екенін айтты. Кәріздік жүйе мен арықтар тазартылмаған, сонымен қатар жол бойында су тұр. Бұл жағдай Петропавл тұрғындарының наразылығын тудырды.

Мен бірнеше күннен бері қаланы аралап, жағдайды бақылап жүрмін. Суды сору жұмыстары дер кезінде жүргізілмейді. Бұл жұмысты күшейтуді тапсырамын. Техниканы көбейту қажет. Тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру керек, — деді Айдарбек Сапаров.

Өзгелердің жаңалығы