СҚО әкімі су тасқынына қарсы шараларды дер кезінде жүргізуді тапсырды

25 Наурыз 2023, 10:18
874
Бөлісу:
СҚО әкімі су тасқынына қарсы шараларды дер кезінде жүргізуді тапсырды
Фото: СҚО әкімдігі

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылап, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір басшысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы, облыс орталығының Былғары зауыты ауданындағы, Ущев көшесінің бойындағы және Заречный ауылындағы бөгеттердің жағдайын тексерді.

Облыс әкімі су тасқынына қарсы шараларды дер кезінде жүргізіп, гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы