Спортшылардың психологиялық дайындығына арналған конференция өтті

22 Қаңтар 2023, 18:49
1466
Бөлісу:
Спортшылардың психологиялық дайындығына арналған конференция өтті

Астанада Спортты дамыту дирекциясының қолдауымен спорт психологиясына арналған «Qadam Hub» атты конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл алғаш өткен іс-шараға Әзірбайжан мемлекеттік спорт және дене шынықтыру академиясының спорт психологиясы бойынша окытушысы, психолог Нармин Ахмедзаде арнайы келіп, өзінің тәжірибесін ортаға салды. 

Спортшылардың психологиялық дайындығына арналған конференция өтті

Конференция мақсаты – спортшылардың тұлғасын жан жақты дамыту, олардың жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру.

Жиынға қатысу үшін 150-ден астам адам тіркелген. Олардың арасында бапкерлер, спортшылар мен құрама дәрігерлері сынды сала қызметкерлері бар.

Спортшылардың психологиялық дайындығына арналған конференция өтті

Былтыр Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясына федерацияның бас бапкерлері есеп берген болатын. Отырыста алдағы жылға арналған жоспарлар талқыланып, отандық спортқа психология саласы жетіспейтіні белгілі болды. Болашақта бұл жұмыс тығыз және жемісті жүргізілуі керек. Биыл бізді 6 кешенді жарыс күтіп тұр, олардың ішінде ең бастысы Қытайдағы жазғы Азия ойындары. Біздің бүгінгі арнайы қонағымыздың келуі Париж-2024 Олимпиадасының дайындығына зор ықпал тигізеді, - деді Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов.

Спортшылардың психологиялық дайындығына арналған конференция өтті

Екі күнге созылған бас қосуда жарыс кезінде атлеттерді қалпына келтіру, психология негіздеріне арналған заманауи әдістер туралы әңгіме өрбіді.

Конференция соңында жиынның модераторы келген қонақтар мен баяндамашыларға алғысын білдірді. Болашақта бірлесіп атқаратын жұмыстарға ұсыныстар қарастырылып, ортақ шешімдер нақтыланды. Сондай-ақ алғаш рет өткізілген бұл іс-шара алдағы уақытта одан әрі жанданып, жалғасын таппақ.

Өзгелердің жаңалығы