Спортшы Майя Манезаның жары, ауыр атлет Вячеслав Ершов өмірден озды

30 Қаңтар 2024, 05:19
1355
Бөлісу:
Спортшы Майя Манезаның жары, ауыр атлет Вячеслав Ершов өмірден озды
Фото: baq.kz

Ауыр атлетикадан 2006 жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Вячеслав Ершов қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыр атлетика федерациясы Әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Вячеслав Ершовтың дүниеден озғанын растады.

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының командасы Вячеславтың туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтады, - деп жазылды федерацияның желі парақшасында.

Айта кетейік, Вячеслав Ершов 2013 жылы спортшы Майя Манезамен отау құрған болатын. Екеуінің екі баласы бар. Әзірге ауыр атлеттің неден қайтыс болғаны туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желіде достары көңіл айтып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы