Спорт министрі семсерлесу мен таэквондо федерацияларын сынға алды

7 Қараша 2023, 11:00
698
Бөлісу:
Спорт министрі семсерлесу мен таэквондо федерацияларын сынға алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі семсерлесу және таэквондо федерацияларының басшылары мен бапкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын барысында аталмыш спорт түрлерінің Азия ойындарындағы қорытынды есебі тыңдалып, алдағы Париж Олимпиадасына қатысты жоспарлар пысықталды.  

Ермек Маржықпаев Ханчжоудағы көрсеткен нәтижелерге көңілі толмайтынын жеткізіп, федерация өкілдерінің аламан алдында берген міндеттемелерін орындай алмағанын қатты сынға алды.

Айта кету керек, семсершілер Азия ойындарында 1 алтын, 1 қола медаль алуды жоспарлағанымен жарыс қорытындысында 1 күміс пен 2 қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ таэквондошылар да 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алуды мақсат тұтқанымен, Қытайда небәрі екі қола жүлдеге қол жеткізді.

Кездесу соңында министр құрлықтық жарыстың нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіп, қателіктермен жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ Париж Олимпиадасына дейін  жеткілікті жолдамаларды жеңіп алуды алға тартты.

Көріп отырғанымыздай, Азия ойындарында аталған екі федерацияның спортшылары көңілден шығатындай нәтиже көрсетен жоқ. Дегенмен бұл сәтсіздіктен, бүгінгі сыннан тиісті қорытынды шығару керек. Алдымызда Париж. Енді қалған 8 айда дайындықты күшейтіп, лицензиялық турнирлерде топ жару қажет, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, кездесуде семсершілер Париж Олимпиадасына бес, ал таэквондошылар екі жолдама жеңіп алуға міндеттеме алды.

Өзгелердің жаңалығы