SpaceX Starship кемесін құрлықта ұстап қалуға алғаш рет әрекет жасайды

ұған дейін SpaceX үдеткішті мұнараға үш рет сәтті қондырғанымен, ғарыш кемесін құрлықта ұстап көру алғаш рет жүзеге аспақ.

 REUTERS/Joe Skipper 14 Қараша 2026, 00:30
14 Қараша 2026, 00:30
169
Фото: REUTERS/Joe Skipper

SpaceX компаниясы Starship зымыранының 15-ші сынақ ұшырылымы аясында ғарыш кемесін Техастағы ұшыру алаңына қайтарып, арнайы механикалық құрылғылармен ұстап алуды жоспарлап отыр. Бұл Илон Масктің толықтай қайта пайдалануға болатын зымыран жүйесін жасау жолындағы маңызды сынақ болмақ.

Reuters агенттігінің мәліметінше, биіктігі 124 метр болатын зымыранды 13 қарашада Техас штатындағы Starbase ғарыш айлағынан ұшыру көзделген. Миссия барысында Starlink спутниктерінің кезекті тобы да орбитаға жеткізіледі. Алайда жұма күні таңертең SpaceX АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігінен ұшыру лицензиясын әлі алмаған.

Компания Super Heavy үдеткішін ұшырудан кейін шамамен 10 минут өткенде ұшыру мұнарасындағы механикалық қармауыштармен ұстап алуды, ал Starship кемесін шамамен 22 сағаттан соң Техасқа қайтаруды көздейді. Бұған дейін SpaceX үдеткішті мұнараға үш рет сәтті қондырғанымен, ғарыш кемесін құрлықта ұстап көру алғаш рет жүзеге аспақ.

Starship NASA-ның «Артемида» бағдарламасы аясында адамдарды Айға жеткізуге де пайдаланылуы мүмкін. NASA жобаға шамамен 3,2 миллиард доллар бөлген. Ғарыш кемесін 2028 жылға қарай Айға адам жеткізуге дайындау жоспарланған. Алайда оған дейін орбитада жанармай құю секілді бірқатар маңызды сынақтан өту қажет.

Наверх