Space X компаниясы ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды

16 Мамыр 2021, 23:02
969
Бөлісу:
Space X компаниясы ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Space X компаниясы ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды. Оларды «Фалкон 9» зымыран тасығышы Флоридадағы ғарыш айлағанынан әкетті. 

Бұл осы зымыран тасығыштың биыл 15-ші мәрте көкке көтерілуі. 

Бағдарлама «Старлинк» ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асты. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ғаламдық интернет жүйесі 12 мың жерсерігінен тұрады. Оны алдымен АҚШ аумағында, содан кейін бүкіл әлемде қолдану көзделген.

Өзгелердің жаңалығы