СOVID-19: Қай вакцинадан соң адамдар індет жұқтырып жатыр?

8 Қыркүйек 2021, 18:29
15319
Бөлісу:
СOVID-19: Қай вакцинадан соң адамдар індет жұқтырып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты. 

Ведомство басшысы екпенің қай түрлерін алған соң аурушаңдық деңгейінің артқанына тоқталды.

Вакцинаның түрлеріне тоқталатын болсақ, вакцинаның бірінші компонентін алған соң 7 070 адам індет жұқтыру дерегімен тіркелген. Бұл жалпы көрсеткіштің 0,1%-ын құрайды. Ал екінші компонентті алған адамдардың арасында 13 141 індет жұқтыру дерегі тіркелді, бұл 0,2%-ға тең, - деді Зәуре Ахметова.

Сандарды сөйлетсек, елімізде «Спутник V» вакцинасын 5 669 885 адам алған.

Атап айтар болсақ, «Спутник V» вакцинасының І компонентін алған 6 108 адам, ІІ компонентінен кейін 11 101 адам, QazCovid-in екпесінің І компонентінен соң – 172, ІІ компонентін алған 231 адам ауырды. Hayat-Vax-тың алғашқы дозасынан кейін 553, ІІ дозасынан соң 1 448 адам, CoronaVac-тың І компонентін алған 218, ІІ компонентінен соң 341 адам індет жұқтырған, - деді ведомство басшысы.

Ал QazCovid-in-нің І компонентін - 172 707, ІІ компонентін - 113 730 адам, Hayat-Vax І компонентін – 529 346 адам, ІІ компонентін - 482 463 адам салдырған. Ал 249 373 адамның таңдауы CoronaVac вакцинасына түскен көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы