СOVID-19: Індеттің төрт толқынын бастан өткердік – Цой

11 Қазан 2021, 12:04
13284
Бөлісу:
СOVID-19: Індеттің төрт толқынын бастан өткердік – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, індеттің төрт толқынының орын алуына коронавирус инфекциясы штамдарының жаңа түрлерінің пайда болуы себеп болған.

Аурушаңдық соңғы өршіген кезеңдегі шарықтау шегін қарастырсақ, тәулігіне 7800-ге дейін індет жұқтыру жағдайы тіркелді. Коронавирус инфекциясы бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды дер кезінде жүргізу арқылы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы мен аурушаңдықтың таралу қарқынын төмендетуге қол жеткізе білдік, - деп атап өтті Алексей Цой.

Сонымен қатар 2013 жылдан бастап тиісті вакцинациялау бойынша профилактикалық екпе алудан 24 976 адам бас тартқаны белгілі болды. Олардың 58%-ы – жеке нанымдары бойынша, 23,2%-ы – вакцинаға сенбеулері себептен, 6%-ы – БАҚ-тағы теріс ақпараттар салдарынан екпе алмаған. 

Ал биылғы бірінші жартыжылдықта вакцинадан бас тартқан 3 417 жағдай тіркелді. Сол себепті тұрақты негізде ведомство тарапынан вакцинаға қарсы адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізіп келеді. Осылайша, биыл 197 адам вакцинация туралы пікірлерін өзгертіп, екпе салдыртқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар СOVID-19-дың қандай штамдарын жиі жұқтыратыны туралы жазған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы