Соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр – Қилымжанов

21 Ақпан 2022, 14:14
1415
Бөлісу:
Соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр – Қилымжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеп жатыр. Оның ішінде лаңкестік бойынша 46, жаппай тәртіпсіздік бойынша 45 іс бар. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр, - деді Қилымжанов. 

Ол атап өткендей, күдіктілер осындай ауыр қылмыстар бойынша олардың бұлтартпау шараларын жеңілдету бойынша ерекшелік болған жоқ. 

Жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін ескере отырып, 128 күдіктіні қамауда ұстау, ешқайда кетпеу туралы қолхатқа кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Бұлтартпау шараларын қайта қарау жұмыстары жалғасын табады, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы