Соттан тыс банкроттық рәсімі тегін жасалады

10 Қаңтар 2023, 19:55
1133
Бөлісу:
Соттан тыс банкроттық рәсімі тегін жасалады

Соңғы уақытта TikTok, Instagram және т.б. әлеуметтік желілерде азаматтардың банкроттығы бойынша ақылы қызметтер көрсету туралы жарияланымдарды орналастыру жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық (қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын) тегін рәсім екенін хабарлайды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті E-gov сайты және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Банкроттық туралы толығырақ ақпарат алу үшін азаматтарға 1414 (қосымша нөмір 3) нөмірі немесе Telegram чат https://t.me/SalyqBot арқылы хабарласу қажет.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған. 

Өзгелердің жаңалығы