Жыл басынан бері 50 мыңнан астам сотталушы әлеуметтік-құқықтық көмек алды

29 Қазан 2019, 17:44
1890
Бөлісу:
Жыл басынан бері 50 мыңнан астам сотталушы әлеуметтік-құқықтық көмек алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай нәтижені бүгін Алматы қаласында өткен бас бостандығынан айырумен байланысты емес балама шараларды дамытуға арналған конференцияда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері айтты.

"Әлеуметтік-құқықтық көмек ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған әлеуметтік-құқықтық көмектер алды", - деді ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастыру, ем, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психологиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.

Пробация қызметкерлерінің тиімді әрекеттерінің арқасында 2019 жылдың 10 айының көрсеткіші бойынша есепте тұрған 7,5 мың адам жұмысқа орналасса, 11 мың адамға ем алуға көмек көрсетілді, 30 мыңға жуық сотталған психологиялық көмек алып, 130 адам білім алуға, өзге де көмектер алуға мүмкіндік алды.

Пробация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепте тұрғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекеттесе отырып атқарылатын қызмет түрі.

Бұған дейін Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқы болып пробацияның барлық түрін енгізгені туралы хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы