Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету ДСМ-ға өткізіледі

Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету ДСМ-ға өткізіледі
PHOTO
1998

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде сотталғандарды, тергеуге тұтқындалғандарды медициналық қамтамасыз ету функциясын ҚР Ішкі істер министрлігінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу бойынша пилоттық жоба жұмыстары жүргізілді.

ҚАЖ департаментінің мәліметінше, 2019-2021 жылдары ҚР ІІМ органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасы мен 2019-2023 жылдары ҚАЖ жаңғырту жөніндегі Жол картасында сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу мәселесі қаралған.    


"Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді ҚР Ішкі істер министрлігінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне өткізудің мақсатқа лайықтылығын бағалау мақсатында "Алматы және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің мекемелерінде сотталғандарды, тергеумен-тұтқындалғандарды медициналық қамтамасыз ету функциясын ҚР Ішкі істер министрлігінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу бойынша пилоттық жоба өткізу туралы" біріккен жоспар бекітілді", - делінген хабарламада.


Соған байланысты Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалық етуімен кеңес өткізіліп, оған облыс бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, облыстық мекемелер бастықтарының емдеу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы қатысты.

Пилоттық жобада ҚАЖ медициналық қызметтер қызметіне қатысты бірқатар мәселе және функцияны бір ведомстводан екіншісіне өткізу кезінде пайда болуы мүмкін проблемалық мәселелер ұсынылды.

"Сонымен бірге, ҚАЖ мекемелерінің медициналық қызметімен танысу мақсатында Елжан Біртанов Долинка кентінде орналасқан АК-159/7 мекемесіне барды. Министрге мекеменің медицина бөлімінің құрылымы, медицина қызметкерлерінің штат саны, материалдық-техникалық база, қолданыстағы құрал-жабдықтар көрсетілді", - деп хабарлады департаментте.   


ДСМ басшысы сотталғандарға тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі аясында медициналық көмек көрсету (ТМККК), бекітілген халықты тіркеу (БХТ) бойынша медицина қызметінің жұмысына және денсаулық сақтау басқармасының жергілікті аумақтық органдарымен өзара бірігіп әрекет ету жөнінде жүргізілген жұмыстарға оң баға берді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы