Сотта шенеуніктер қазақстандықтардан әрбір екінші істе жеңіледі

2 Қазан 2023, 12:46
778
Бөлісу:
Сотта шенеуніктер қазақстандықтардан әрбір екінші істе жеңіледі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сотта әкімдіктер мен шенеуніктер қазақстандықтардан әрбір екінші істе жеңіліп қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжілісте Әділет вице-министрі Алма Мұқанова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырғанда айтты.

Жоғарғы соттың мәліметтеріне сәйкес, әкімшілік әділеттің жаңа форматының бірінші жылында аяқталған істердің жалпы санынан талапкерлердің талаптары 4 474 іс бойынша толық немесе ішінара қанағаттандырылды (52%), 4 085 немесе 48% - қанағаттандырудан бас тартылды. ӘРПК қолданысының екінші жылы аяқталған істердің жалпы санынан талапкерлердің талаптары 5 732 іс бойынша (58%) толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 4 222 іс бойынша (немесе 42%) бас тартылды, - деп айтты вице-министр.

Оның айтуына қарағанда, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік органдарда азаматтармен және заңды тұлғалармен дауларда «жеңілген» істердің мұндай сыни көрсеткіштері болмаған.

Мысалы, бұрын мемлекеттік органдар азаматтық істердің 70%-дан астамын жеңіп алған. Осылайша, әкімшілік орган, лауазымды тұлға қабылдаған (сотқа жететін) әрбір екінші шешімнің күшін сот жояды. Бұл факт қазірдің өзінде жүргізілген әкімшілік реформаның сәттілігі туралы айтады, - деді Мұқанова.

Өзгелердің жаңалығы