Социалистік Еңбек ері дауыс берді

19 Наурыз 2023, 14:30
1222
Бөлісу:
Социалистік Еңбек ері  дауыс берді
Фото: 149, Батыр аналар ансамблі

Таң сәріден басталған саяси науқанда Сыр өңірінің тұрғындарының қатары көбеюде. Аймақ халқының белсенділігі Наурыз мерекесімен тұспа тұс келген сайлаудың маңыздылығын арттыра түсуде. Олардың қатарында социалистік Еңбек ері Ажаркүл Алдажарова да бар, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ажаркүл Алдажарова  ̶  Қызылорда облысы, Жалаңтөс батыр ауылында тұратын еңбек ардагері. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазалы ауданының құрметті азаматы  №83 сайлау сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасап, ізгі тілегін білдірді.

Сайлау – еліміздің, ұрпағымыздың болашағы үшін маңызды оқиға. Қай сайлаудан да қалыс қалып көрген емеспін. Бұл жолы да дауыс беруге ертелетіп келдім. Еліміз аман болып, ауданымыз көркейе берсін, - дейді Еңбек ері.

Айта кетейік, Сыр өңірінің барлық аумағында сайлау жұмыстары жан- жақты, қызу дайындықпен өтуде. Бұл сөзімізге Жалағаш ауданының жастарының ізгі бастамасы дәлел. Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы ерікті жастар автоволонтерлыққа шақырылып, олардың тізімі жасақталған. Сайлауға келуші қарттарға құрмет көрсетіп сауапты амалдың жасап жүрген автоволонтер жүріп-тұруы қиын ардагерлерді сайлау учаскесіне дейін апарып, одан кейін үйлеріне жеткізуде.

Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында орналсқан сайлау учаскесіне келген «Батыр аналар» ансамбілі өңір жұртының бірлігін көрсетті. Отыз жылдық тарихы бар өнер ұжымы өз таңдауларын жасап қоймай, ақ батасын берді.

Біз жас емеспіз, бірақ қазақ халқының ертеңі үшін, тәуелсіз еліміздің мәңгілік болуы үшін әрбіріміздің қосар үлесіміз бар екенін білеміз. Саяси науқанның маңыздылығын ескергендіктен, барлығымыз бірге дауыс беруге келдік. Алдағы уақытта депутат болып сайланатын азаматтардың барлығы да ел мүддесіне жұмыс істейді деп сенеміз. Мақсат, абырой ортақ болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Бұл жолда тек қана сәттілік тілейміз,  - дейді алтын құрсақты аналар.

Айта кетейік, Еңбек ауылында 53 батыр ана тұрады. 

Өзгелердің жаңалығы